{metadescription}
Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді

Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді

Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді.

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді. 29-30 мамыр күндері таулы аймақтарда және қалада нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл тұрады деп күтіледі. 

Осыған байланысты ТЖД Алматы тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға кеңес берді. 

«Алматы тауларында күн күркірейді. Солтүстік-батыстан секундына 24-29 метр жылдамдықпен жел соғады. Тауға барудан бас тарта тұруларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, көліктеріңізді ағаштардың астына қоймаңыздар», - делінген ресми хабарламада. 

Айта кетейік, Алматыда бүгін нөсер жауын жауып тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде