{metadescription}
Шымкентте жоғалған ресейлік асулы күйінде табылды

Шымкентте жоғалған ресейлік асулы күйінде табылды

31 мамырда Шымкент дендросаябағының аумағынан жоғалып кеткен ресейлік азаматтың денесі табылды.

«31 мамыр күні «102» байланыс желісіне хабарлама түсті. Онда Дендросаябақ аумағында ер адам асылып тұрғаны туралы айтылды. Полицейлер белгісіз адамның өлім фактісін әл-Фараби аудандық полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Тергеу барысында оның тұлғасы анықталды. Ол Ресей азаматы болып шықты.

Сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлім себебі тұншығу болған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр», - делінген Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.