{metadescription}
Газ жарылысынан екі адам көз жұмып, 20-сы жарақат алды

Газ жарылысынан екі адам көз жұмып, 20-сы жарақат алды

Жұма күні Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясының Санхэ қаласында сұйытылған газ баллондарының жарылуы кезінде екі адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды.

Төтенше оқиға жұма күні таңертең Қытай астанасы Бейжің қаласының маңында орналасқан Санхэ қаласының сауда көшелерінің бірінде болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, сұйытылған газы бар баллондар жарылған. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 20 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Қазіргі уақытта апат болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.