{metadescription}
Алматы жастар саясаты басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы жастар саясаты басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы жастар саясаты басқармасына басшы болып Қайыржан Меңдіғалиев тағайындалды

Қайыржан Меңдіғалиев 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебін құқық және экономика негізі мамандығы бойынша бітірді, 2013 жылы осы университетте инновациялық менеджмент мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

2013-2014 жылдары Халықаралық бизнес университетінде оқытушы болып жұмыс істеді.

2014 жылдың маусымы мен қыркүйек айлары аралығында Халықаралық бизнес университеті түлектермен және студенттермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары Халықаралық бизнес университеті маркетинг және әлеуметтік даму департаментінің директоры болды.

2016-2018 жылдары Халықаралық бизнес университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2018 жылдан 2021 жылға дейін жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалғанға дейін Халықаралық білім беру корпорациясының бірінші проректоры қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.