{metadescription}
Елордада BMW бағанға соғылып, аударылып түсті

Елордада BMW бағанға соғылып, аударылып түсті

Елордадағы ЕК-32 көшесі бойында BMW маркалы көлігінің аударылуының мән-жайы белгілі болды.

«25 маусымда сағат 00:10 кезінде BMW X7 көлігінің жүргізушісі ЕК-32 көшесімен келе жатып, Достық көшесімен қиылыста көше бойындағы бағанға соғылған. Осының салдарынан көлік аударылып түсті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен көлік жолаушысы аурухана жеткізілді», - делінген қалалық полиция департаментінің мәліметінде.

Дәрігерлердің тексеруінен өткеннен кейін, аталған жолаушы үйіне жеткізілді.

BMW X7 көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.