{metadescription}
Коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ

Коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ

COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегінің өсуіне байланысты Бельгия билігі иммунитеті әлсіз тұрғындарды қауіпті дерттен сақтану мақсатында вакцина салдыруға шақырды.

Бельгия мамандары денсаулығы осал топқа жататын тұрғындар коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын алуы керек деп санайды. Қазір елде COVID-19-бен ауру көбейіп барады. Сонымен бірге, BA.4 және BA.5 омикрон-штамына шалдығу басым. 

Еуропа аурудың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) осы аптада бүкіл Еуропалық Одақта BA.4 және BA.5 нұсқалары өрши түсетінін, бұл науқастар санының күрт өсуіне әкелуі мүмкіндігін ескерткен болатын. 

Оксфорд университетінің пандемияны бақылаумен айналысатын «Біздің әлем деректерде» жобасының (OWID) мәліметтеріне сәйкес, коронавирус жұқтыру жағдайлары бірқатар елде өсіп барады. Соның ішінде, Португалия, Германия, Франция, Греция, Австрия, Италия, Швейцария және Испанияда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.