{metadescription}
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов қарсыласын жеңді

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов қарсыласын жеңді

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC on ESPN 38 турнирінде қарсыласы америкалық жекпе-жек шебері Нил Мэгниді (26-8) жеңді.

Жекпе-жек үш раундқа есептелген, алайда Рахмонов қарсыласына қарсы тұншықтыру әдісін сәтті пайдалана білгеннен кейін айқас екінші раундта аяқталды. 

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіби мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, жеңіліп көрмеген спортшы атағын сақтап қалды. Нил Мэгни тоғызыншы рет жеңілді.

Бұған дейін хабарланғандай, жеңіліп көрмеген қазақстандық жекпе -жек шебері Шавкат Рахмонов (15-0) алғаш рет жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің топ-15 қатарында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.