{metadescription}
Еуроодақ Иранмен ядролық келіссөздерді қайда жүргізбек

Еуроодақ Иранмен ядролық келіссөздерді қайда жүргізбек

Еуроодақ Иранмен ядролық келісім бойынша келіссөздері қайта бастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель мәлім етті. 

Ол бір күн бұрын Тегеранға келіп, Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахианмен келіссөздер жүргізді. Екі тарап келіссөз үстеліне қайта оралуға дайын екендіктерін растады. Алдыңғы раунд биылғы көктемде тоқтап қалды. Тегеран қазірдің өзінде 2015 жылғы шектеулерге қайта оралуға дайын екенін айтады. 
Әзірге, Батыстың пікірінше, Иран тек байытылған уран өндірісін арттыруда. 

МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси Ислам республикасы ядролық заряд жасауға жеткілікті қор жинағанын жеткізді. 
Маусым айының басында Тегеран Иранды ынтымақтастыққа құлықсыздық жасады деп айыптаған қарарға жауап ретінде Атом нысандарында орналасқан МАГАТЭ-нің бақылау камераларын өшірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.