{metadescription}
Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиген сарбазға орден табысталды

Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиген сарбазға орден табысталды

Қаңтар оқиғасы кезінде Шығыс Қазақстан облысында аяғына оқ тиген сарбазға орден табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 5511 әскери бөлімінің сержанты Мұхтар Үсенов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Мұндай жоғары дәрежелі марапатты ҚР Ішкі істер министрлігінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов табыс етті.

«Мұхтар Үсенов қаңтар оқиғасы кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қолына қару алып алаңға шыққандардың бірі. Оның аяғына оқ тиген. Жараланған сарбаз ауруханаға түсіп, ем-дом қабылдап шықты», - деді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Қаңтар оқиғасындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде облыс бойынша 19 сарбаз жарақат алған. Оның сегізі – Өскемен қаласында. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде