{metadescription}
«Канело» Геннадий Головкинмен үшінші айқасына болжам жасады

«Канело» Геннадий Головкинмен үшінші айқасына болжам жасады

Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы және «pound-for-pound» рейтингісінің бұрынғы көшбасшысы мексикалық Сауль Альварес 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы нокаутпен аяқталады деп есептейді.

«Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Головкин – керемет және қауіпті қарсылас. Бірақ, мен нокаутқа жіберемін деп ойлаймын, оған еш күмән жоқ. Оған ынтам зор. Рингіге оралатын күнді асыға күтіп жүрмін. Бар күшімді салып жаттығып жатырмын. Нокаут – бұл айқастың жалғыз мүмкін нәтижесі», - деді Сауль Альварес журналистермен кездесуде. 

Еске салайық, Канело мен Геннадий Головкиннің бірінші айқасы 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталды. Рематч 2018 жылы болды және онда Альварес төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде