{metadescription}
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында тіркелетін көліктерді цифрлық таңбалау тәртібі айқындалды

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында тіркелетін көліктерді цифрлық таңбалау тәртібі айқындалды

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жаңадан тіркелетін көліктер үшін цифрлық таңбалау тәртібі айқындалды.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда көлік құралын тіркеуде өңірлер бойынша сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық таңбалау белгіленген. Бұл тұрғыда көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

«Осы орайда министрлік жаңадан құрылған үш облыс бойынша автокөліктердің мемлекеттік нөмірлеріне өңір кодтарын цифрлық белгілеудің ретін ұсынды. Атап айтқанда, Абай облысына - 18, Жетісу облысына - 19, сондай-ақ Ұлытау облысына 20 таңбасы белгіленбек», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында. 

Аталған үш облыста мемлекеттік нөмірдің жаңа цифрлық таңбасын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.