{metadescription}
Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады

25 маусымда аталған адам 15 милион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерден Мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің бірінің басшылығына пара ретінде қаржы талап еткен криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізді. 25 маусымында аталған адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Ұсталғандардан тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – «ТТ» және «Smith&Wesson» маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді», - делінген Антикор хабарламасында.

Олардың кінәлі екенін сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде