{metadescription}
Жер қойнауын өз бетінше пайдаланғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жер қойнауын өз бетінше пайдаланғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бұдан былай Жер қойнауын өз бетінше пайдаланғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәжілісте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қылмыстық кодекске осындай түзету енгізуді ұсынды.

«Қылмыстық кодекстің «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану», яғни, 334-бабында жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және жер қойнауын заңсыз өндіруге жол бермеу мақсатында 334-баптың 1-бөлігі «қылмыстық теріс қылық» санатынан «қылмысқа» ауыстырылып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны енгізу арқылы санкция күшейтіледі. Осы баптың 2-бөлігінің санкциясы да 3 жылдан 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаңдату арқылы өзгертілді. Осы баптың 1-бөлігінің диспозициясына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын қалыптастыру үшін келтірілген залал мөлшерінің шегі, яғни ірі мөлшерден елеулі залалға дейін төмендетілді. 3-бөлімде ерекше қорғалатын табиғи аумақта аса ірі залал келтіргені үшін жазаның неғұрлым қатаң түрін қарастыру ұсынылады», - деді министр. 

Оның айтуынша, «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» кодекстің 340-бабында «теріс қылық» санатынан «қылмыс» санатына ауыстыру туралы өзгерістер енгізілген. 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу» 342-бабының 1-бөлігі күшейтіледі және біліктілік белгілері бөліне отырып, 3 және 4-бөліктермен толықтырылады, сондай-ақ аса ірі залал келтірген әрекеттер үшін жауапкершілік көзделеді», - деді Серікқали Брекешев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде