{metadescription}
Экологиялық заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі

Экологиялық заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі

Мәжіліс «ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне, сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша ұсынылған өзгерістер мен толықтырулардың жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобаларын депутаттарға таныстырған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту туралы Заңды қабылдау не үшін қажеттігін түсіндірді.

Оның айтуынша, заңнамаға енгізілетін жаңа нормалар ұлттық табиғи байлықтарды, бірегей экожүйелерді, құрып кету қаупі бар жануарларды және олар мекендейтін жерлерді сақтау үшін аса маңызды, сондай-ақ табиғат пайдаланушыларды тәртіпке келтіреді, ұзақ мерзімді перспективада биологиялық алуандықты сақтауға ықпал етеді.

Ал Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов бұл салада құқық бұзған азаматтарды қылмыстық жəне əкімшілік жауапқа тарту тəртібін қатайту қажет екенін айтты.

«Қаралатын заң жобалары: жерді бүлдіру, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, жер қойнауын өз бетінше пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзу, орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне өзге де залал келтiру, ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау үшін жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған», – деді депутат. 

Депутаттың сөзіне қарағанда, үш бірдей кодекске енгізілетін өзгерістер экологиялық салада қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттардың әрекетін бейтараптандыруға әсер етеді. Сондай-ақ, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етуге, теріс қылық санатынан қылмыс санатына ауыстыру және құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату арқылы ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумағында тиісті қызмет түрлерін іске асыратын тұлғалардың жауапкершілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде