{metadescription}
Kәмелетке толмаған бала бір жасар қызды атып өлтірді

Kәмелетке толмаған бала бір жасар қызды атып өлтірді

Флорида штатында кәмелетке толмаған бала бір жасар қызды атып өлтіріп, оның екі жасар әпкесін жаралаған.

Осы оқиғадан соң, қару қолданған баланың әкесі қамауға алынды.

Полицияның мәліметінше, сенбі күні кешке баланың әкесі 45 жастағы Родерик Дуэйн Рэндалл Пенсакола қаласындағы қонақүйден шығып, қаруын шкафта қалдырып кеткен. Оның 8 жастағы ұлы қару тұрған жерді білген. Бала қаруды алып, ойын барысында бір жасар қызды атқан, оқ қыздың денесінен өтіп, оның екі жасар әпкесін жаралаған. Бөлмедегі төртінші бала зардап шеккен жоқ.

Қаза тапқан қыз бен оның жараланған әпкесі атыс болған сәтте қонақүйдің сол бөлмесінде ұйықтап жатқан және олар Рэндаллдың таныс әйелінің қыздары болған.

Тергеушілердің айтуынша, қайтып оралған Рэндалл, полиция қызметкерлері келгенше бөлмеден тапанша мен есірткіні алып, қылмысты жасырмақ болған.

Баланың әкесі айғақтарды бұрмалады, салғырттық танытты және атыс қаруын сақтау ережесін бұзды деген айыппен қамауға алынды. Рэндалл бұған дейін 14 ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болатын. Қазіргі уақытта Эскамбия округінің түрмесіне қамалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде