{metadescription}
Президент Каспий саммитінің маңызы туралы айтты

Президент Каспий саммитінің маңызы туралы айтты

Өңірде болған соңғы жағдайлар Каспий теңізінің маңызын арттырды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алтыншы Каспий саммитінде айтты.

«Бұрын-соңды болмаған жаһандық дауыл» жағдайында Каспий теңізінің маңызы артуда. Өйткені оның геостратегиялық орналасу жағдайы, табиғи ресурстарға байлығы, бірегей тасымал әлеуеті тартымды.

Ақтау саммиті бүкіл әлем қауымдастығына Каспий жағасындағы елдердің аса күрделі мәселелерді бейбіт жолмен, тату көршілік қатынастар арқылы шеше алатынын көрсетті», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы құжаттың бекітілуін соның айғағы ретінде атады.

«Көп жылдарға жалғасқан келіссөздерден кейін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылуы осының айқын куәсі. Бұл құжат бес жақты ара-байланысты кешенді тереңдетуге іргетас болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.