{metadescription}
Солтүстік Қазақстанда 100 жер үй бұзылады

Солтүстік Қазақстанда 100 жер үй бұзылады

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 3 есе артқан.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов осындай мәлімет берді.

«Бұл қарқынды азайтпаймыз. Қазір облыс бойынша 50 алаңда тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін ол санды 61-ге жеткіземіз. 26 бюджеттік, 24 коммерциялық үй салынып жатыр», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол Жас Өркен, Береке, Орталық шағын аудандарының қатарын «Копай» жобасы толықтыруы мүмкін екенін атады.

«Ескі шағын ауданның тұрғындары бұл күнді көп күтті. 117 жер үйді сүріп тастап, онда тұратын отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартамыз. Жалпы барлығы 2,8 мың пәтерден тұратын 27 үй салу жоспарланған. Бұл жаңа мектебі, балабақшасы мен емханасы бар жаңа шағын аудан болады. Кезекте тұрғандарға да баспана салып жатырмыз. Биыл көпбалалы отбасылар 120 пәтерлік үйге кіреді. Жетімдерге арнап салынып жатқан 120 пәтерлік үй тағы бар», - деді әкім.

Облыс басшысының сөзіне қарағанда, 2026 жылға дейін өңірде 3,3 млн шаршы метр баспана беріледі. Соның арқасында 144 мың азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.