{metadescription}
Прокуратура, омбудсмен туралы конституциялық заңдар қабылданады

Прокуратура, омбудсмен туралы конституциялық заңдар қабылданады

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов алдағы сессияда атқарылатын жұмыстарды атады.

«Біз заң шығару жұмысына ерекше қарқын бердік. Енді осы қарқынды алдағы кезеңде де сақтаудың маңызы зор. Кезекті парламенттік сессияда заң шығару жұмысы, ең алдымен, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында алға қойылған міндеттерді орындауға, конституциялық реформаларды іске асыруға бағытталатын болады. Атап айтқанда, 20-дан астам жаңа заң жобасын әзірлеп, қабылдауымыз қажет. Прокуратура, омбудсмен туралы конституциялық заңдар қабылданады. Сайлау, саяси партиялар туралы және басқа заңдарға өзгерістер енгізіледі. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде реформаны ұзаққа созбау керек екенін атап өтті. Халық нақты өзгерістердің қазір болғанын қалайды», - деді Е. Қошанов.

Осы орайда ол Мемлекет басшысы басты заңдарды жыл соңына дейін қабылдауды тапсырғанын еске салды.

«Сондықтан, біз – депутаттар бұл жұмысқа парламенттің күзгі сессиясы басталған кезде дереу кірісуіміз қажет. Парламент Президент бастама жасаған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша одан әрі де серпінді жұмыс істеуді жалғастырады. Отандық экономиканың жаңа моделін қалыптастыруға, азаматтарға әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікке

жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған заңдар парламентарийлердің назарында болады», - деді Мәжіліс төрағасы.

«Елімізде болып жатқан өзгерістерге әрқайсымыз өз міндетіміздей қарап, бір кісідей жұмыла кіріссек қана, шын мәніндегі Жаңа Қазақстанды құра аламыз. Алдағы жұмысымызда біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа бастамалары мен реформаларын іске асыруға жұмылуымыз керек. Кез келген сынақты бірлесіп еңсерсек, Қазақстанның әлеуеті бұдан да арта түспек», - деді Ерлан Қошанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде