{metadescription}
Жұмыссыз жүрген маңғыстаулықтар татарстандық компанияға жұмысқа орналастырылады

Жұмыссыз жүрген маңғыстаулықтар татарстандық компанияға жұмысқа орналастырылады

Маңғыстау облысындағы жұмыссыз азаматтар «Татнефть» компаниясына жұмысқа орналастырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Татарстандывқ компания өкілдері Маңғыстау өңірінің, соның ішінде Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиналғандарға бос орындар туралы айтылып, еңбек жағдайлары түсіндірілді. 

Компания 500-ге тарта адамды жұмыспен қамтуға дайын, соның ішінде ұңғымаларды пайдалану және барлау, күрделі жөндеу бұрғышылары, бұрғышының көмекшілері, машинист, слесарь, электр дәнекерлеуші, көлік жүргізуші және басқа да мамандарды жұмысқа қабылдайды.

Сонымен қатар Орал және Ақтөбе қалаларынан жұмыс орнына дейін көлікпен жеткізеді, жатақхана береді, қажетті оқыту және қайта оқыту жүргізеді.

Жұмысшыларға вахта әдісімен жұмыс істеу ұсынылып отыр. Бір ай жұмыс істеп, бір ай демалады. Ұңғыманы бұрғылау және күрделі жөндеу саласындағы орташа еңбекақы 78,5 мың рубль, механикалық жабдықты жөндеу саласында – 52,5 мың рубль, ал көлік жүргізушілердің жалақысы 55 мың рубльді құрайды. Орташа жалақы көлемінде вахтада болатын кезеңдегі және вахтааралық демалысқа берілетін жалақы қоса есептелген.

Бүгінде Маңғыстау облысына қарасты аудандар мен қалалардан 500-ден аса үміткер өтініш берді. Оның 178 адамы іріктеуден өтті.

Жұмыссыз азаматтардан өтініш қабылдау әлі де жалғасуда. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген ақпараты бойынша тағы 170 адам жұмыс орналасуға ниет білдірді. Енді шілде айының ортасында үміткерлерді іріктеудің екінші кезеңі өтеді.

Татнефть өкілдері үміткерлерді іріктеу және тестілеуді Ақтау қаласында өткізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде