{metadescription}
Елордадағы Қошқарбаев даңғылы уақытша жабылды

Елордадағы Қошқарбаев даңғылы уақытша жабылды

Елордадағы Рақымжан Қошқарбаев даңғылының жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімімен мәлімдеді. 

«Осыған байланысты 30 маусым мен 5 шілде аралығында Қордай көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп жазды ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде