{metadescription}
Акуланың шабуылынан егде жастағы әйел көз жұмды

Акуланың шабуылынан егде жастағы әйел көз жұмды

Мысырдың Хургада курортында акула австриялық туристке шабуыл жасады.

Бұл туралы 1 шілдеде Ресейдің Хургададағы бас консулдығы мәлімдеді. Оқиға Сахл Хашиш ауданында болғаны хабарланды.

"Сахл Хашиш аймағында акула оның қолы мен аяғын тістеп алды", - дейді ведомство өкілдері.

Куәгерлер түсірген кадрларда жәбірленуші жағалауға қалай жүзуге талпынып жатқанын көруге болады. Ал айналасындағы су қызғылт түске боялған.  

Дәрігерлердің айтуынша, 68 жастағы әйелге акула шабуыл жасаған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Дәрігерлер реанимациялық шараларды қолға алғанымен, науқасты аман алып қала алмады. Марқұм мысырлық азаматқа тұрмысқа шыққаннан кейін Египетте тұрған.

Қайғылы оқиғадан кейін билік қауіпсіздік мақсатында үш күнге осы ауданда шомылуға және су астына түсуге тыйым салды. Мамандар акуланың агрессивті қылығының себептерін анықтауды жоспарлап отыр. Әдетте мұндай жыртқыштар адамдарға шабуыл жасамайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде