{metadescription}
Алматы коронавирус бойынша сары аймаққа көшті

Алматы коронавирус бойынша сары аймаққа көшті

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті.

«4 шілдеден бастап Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Қазіргі уақытта қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері қаулыны даярлау үстінде. Қаулыда барлығы жазылады. Осы орайда біз әр азаматты коронавирусқа қарсы вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырамыз», - деді Ержан Байтанаев ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирусқа шалдығып жатқан азаматтардың 80 пайызы вакцина алмаған.

«Қазақстандықтарды өзі мен жақындарының денсаулығын сақтау мақсатында вакцина алудың барлық процесінен өтуге шұғыл түрде шақырамыз. Бұл процесс ұжымдық иммунитетті қалыптастыра түсу үшін де маңызды», - дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде