{metadescription}
Қарағанды облысында 40 гектар орман жанып кеткен

Қарағанды облысында 40 гектар орман жанып кеткен

Қарағанды облысында 40 гектар орман жанып кетті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

«Қарағандының орманды аймақтарында 2 өрт ошағы бақылауда. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, тілсіз жау 70 гектар жерді шарпыған, оның 40 гектары орман. Өрттен 6 саяжай (1 жұмыс істемейді), 7 саяжай аумағындағы 15 шаруашылық ғимарат жапа шекті.
Саяжайдан 5 адам құтқарылды, 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде орманды жерлердегі өрт ауыздықталды, саяжай аулаларындағы өрт және тұтанған ошақтар сөндірілуде. Өртті жоюға ТЖД, 52859 әскери бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің, орман шаруашылығының, Қазавиақұтқару күштері: барлығы 289 адам, 68 бірлік техника жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде