{metadescription}
Шеруге шыққандарға оқ жаудырған күдікті адам ұсталды

Шеруге шыққандарға оқ жаудырған күдікті адам ұсталды

Чикаго іргесіндегі Хайленд-парк елді мекенінде тәуелсіздік күніне орай өткен шеру кезінде оқ жаудырған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, атысқа күдікті ретінде 22 жастағы Роберт Кримо III ұсталған. 

Еске салсақ, Чикаго іргесіндегі Хайленд-парк елді мекенінде тәуелсіздік күніне орай өткен шеру кезінде белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Оқиғадан 6 адам мерт болып, 20-дан астам адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Қылмыс орнынан винтовка табылды.

Соңғы уақытта АҚШ-та мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Тек өткен айдың соңындағы демалыс күндері АҚШ-та 10 өңірде жаппай атыс болды. Одан жеті адам қаза тауып, 46 адам жарақат алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде