{metadescription}
Үкімет басшысы арендалық тұрғын үйді сатып алудағы қайшылықты шешуді тапсырды

Үкімет басшысы арендалық тұрғын үйді сатып алудағы қайшылықты шешуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған арендалық тұрғын үйді сатып алуға салынған тыйымның заңнамаға қайшы тұстарын реттеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жер» бағдарламасы мен тұрғын үй қатынастары туралы заң нормалары бойынша азаматтардың сұрақтары бар. Мысалы, мемлекеттік бағдарлама бойынша арендалық тұрғын үй алған адамдарға оны сатып алуға рұқсат берілмейді. Ал заң бойынша коммуналдық үйді сатып алуға тыйым салынбаған. Бұл жерде норма қайшылығы туындап тұрған жоқ па? Мәселе қалай шешіледі?», -деп сұрады Үкімет басшысы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму министрі Қайырбек Өскенбаевтан. 

Министрдің айтуынша, бұл мәселені Парламент депутаттары да көтерген.

«Шынында да халық арасында қазір осы мәселе көп талқыланып жатыр. 2017 жылға дейін біз жалға берілгенімен, сатып алуға рұқсат етілетін үйлерді салғанбыз. 2017 жылдан бастап жалға берілгенімен сатылмайтын үйлерді салып бастадық. Қазір заң жобасы Парламентте талқыланып жатыр. Жұмыс тобында депутаттар да осы мәселені көтерді. Соны талқылап, бір оң шешімге келеміз деп ойлап отырмыз. Осы заң талқыланғанда осы мәселені қарастырып, нақты шешім табуға тырысамыз», - деді ведомсто басшысы.

Әлихан Смайылов бұл мәселеде заңнама қайшылығы болмауы керектігін ескертті.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде