{metadescription}
Жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті

Жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті

Елордада демалыс күндері жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті.

Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті.

«Демалыс күндері Есіл өзенінің Тұран даңғылы жағындағы жағалауында жасөспірім суға батып кетті. Бала достарымен бірге суға түсіп жүрген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Департамент мәліметіне қарағанда, полиция қызметкерлері қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп, суға түсетін жерлер мен коммуналдық жағажайларды шолғындау үшін арнайы мобильді топ құрған.

«Аталған топ кісі өліміне жол бермеу мақсатында су нысандарын тексереді, азаматтарға суда шомылу ережесін сақтау қажеттігін, балалар мен жасөспірімдерді ересек адамдардың қарауынсыз суға жібермеуді ескертеді. Елорда аумағында барлық патрульдік көліктер құтқару құралдарымен жабдықталған», - деді департаменттен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.