Қазақстан аумағында тағы да жер сілкінді
ҚР ТЖМ қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 5 шілде күні Алматы уақытымен 8 сағат 20 минутта және 11 сағат 08 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.
15:54 05.07.2022
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 771 км қашықтықта, Қазақстан аумағында және оңтүстік-батысқа қарай 586 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,1 және 10,4, магнитудасы – 4,6 және 4,7. Жерасты дүмпуі 20 және 50 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.
Кеше Қазақстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!