{metadescription}
Екі облыс сары аймаққа өтсе, автобуста маска тағу керек болады

Екі облыс сары аймаққа өтсе, автобуста маска тағу керек болады

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов Алматы облысы мен Жетісу облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндап берді

Айтуынша, бүгінде екі облыста да коронавирустық инфекцияның өсу қарқыны байқалады. Яғни, өткен аптамен салыстырғанда Жетісу облысында 0,0004-тен 0,003-ке дейін өсті, ал Алматы облысында бұл көрсеткіш 0,001-ден 0,02-ге дейін жеткен.

«Пандемия басталғалы екі өңірде коронавирустық инфекцияның 69 606 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте Қарасай және Іле аудандарында 3 жағдай және Сарқан ауданында 1 жағдай тіркелді. Облыстар «жасыл» аймақта. Халықты вакцинациялау жұмыстары да жалғасуда», - деді Ерғали Жақсыбайұлы.

Спикердің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда өңірлерде 366 егу пункті және 67 жылжымалы пункт жұмыс істейді. Екі облыстың тұрғындары үшін вирусқа қарсы препараттардың үш түрі қолжетімді: QazCovid-in, SinopharmVeroCell және Comirnaty (Pfizer).

Егер, эпидемиологиялық ахуалдың одан әрі нашарлағаны байқалатын болса, келесі шаралар қолданылмақ:

- науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;

- COVID-19 вакцинасына түбегейлі қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;

- жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;

- 10 адамнан астам қатысушысы бар жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.

Сондай-ақ эпидемиологиялық қауіптілік аймағына қарамастан, әуе, ТЖ көліктері мен халықаралық автобус тасымалдарында маска тағу ұсынылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.