{metadescription}
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Атырау облысында орналасқан Теңіз кен орнында жарылыс болды.

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Теңіз кен орнындағы жарылыс бүгін, 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 09:55 шамасында болған. Бізге мәлім дерекке қарағанда, кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген. Қысымға төтеп бере алмаған құбыр жарылып кеткен.

«Жылыой ауданында орналасқан Теңіз қалашығында құбыр жарылып, соның салдарынан 1985 жылы туған екі қызметкер қайтыс болды. Үш адам жарақаттанды. Зардап шеккен 3 қызметкерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Кен орнындағы жарылысқа байланысты атмофералық газы бар құбырда гидротест жүргізу жұмыстары толығымен тоқтатылды. Тиісті органдар техникалық қауіпсіздік талабының сақталуына байланысты тексеруді бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде