{metadescription}
Қазақстаннан Қырғызстанға есірткі жеткізетін арнаның жолы кесілді

Қазақстаннан Қырғызстанға есірткі жеткізетін арнаның жолы кесілді

Қырғызстанда қазақстандық есірткі каналының жолы кесілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қырғызстан ІІМ хабарлағандай, Аламудун ауданының Ленинское ауылында шамамен салмағы 1 кг 800 гр «гашиш» есірткісін өткізбек болған 2001 жылғы Қырғызстан азаматы Б.К. ұсталды. 

Одан кейін жедел уәкілдер екінші күдіктіге шыққан. Ол 2000 жылы туған Қазақстан азаматы М. Э. болып шықты. Ол «Субару-Б4» маркалы автокөлігінің бензин құятын багын жабдықтап, контрабандалық жолмен Қазақстаннан Қырғызстанға есірткі жеткізіп, Б. К. - ға бергені анықталды. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың басқа мүшелерін және қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстау үшін бірқатар жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар Бішкектің 1-тергеу изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде