{metadescription}
Теңіз кен орнында жұмысшы асылып қалды

Теңіз кен орнында жұмысшы асылып қалды

Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында жұмысшы асылып қалды.

5 шілдеде ТеңізШевройл компаниясының мердігері "Сенімді құрылыс" мекемесінің 28 жастағы жұмысшысы түнгі ауысымға жұмысқа шыққан. Құрылыс алаңында өзі қалған кезде, асылып қалған. Оның денесін басқа жұмысшылар тауып алып, компанияға хабар берген. 

"Сенімді құрылыс" мердігер компаниясы жұмысшысының денесінің табылғаны туралы бізге хабарлады. Тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілді”, – деді ТШО баспасөз қызметі.

Атырау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Әзірге ер азаматтың неге өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде