{metadescription}
Нұр-Сұлтанда мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтанда мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды

Елордада жалдамалы баспанаға ілінген тұрғындар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

18-24 маусым аралығында үй кезегінде тұрған осал топтағы азаматтарға арналған 117 пәтердің (1,2,3 бөлмелі пәтерлер) иелері анықталды. 

Бұл - сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы. 

Оның нәтижесін және баспаналы болғандардың тізімін zhilfond.kz сайтынан көруге болады. 

Әлеуметтік жағынан осал топтар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2009 жылдың 11 ақпанына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 5 ақпанына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2008 жылдың 18 тамызынаа дейін кезекте тұрғандар ие болды. 

Жетім балалар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 21 мамырына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 8 тамызына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 13 шілдесіне дейін кезекте тұрғандар өтті. 

Бағдарлама бойынша өткендердің барлығына жақын арада тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, әрі қарай не істеу керектігін хабарлайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде