{metadescription}
Қызылордада тұрғындардан қымбат көліктерді алдап алып кеткен жігіт ұсталды

Қызылордада тұрғындардан қымбат көліктерді алдап алып кеткен жігіт ұсталды

Қызылорда облысында еліміздің бірнеше қала тұрғынынан қымбат бағалы көліктерді алдап алып кеткен алаяқ қолға түсті.

Қызылордалық полицейлер өткен жылдан бері Алматы, Тараз, Кентау және Түркістан қалалары тұрғындарын алдап кеткен алаяқты қолға түсірді. Ол жарнама сайттарында сатылымға шыққан көліктерді алдын ала белгілі бөлігіне төлем жасау арқылы алып кетіп, ақшаның қалған бөлігін бірнеше күнде өтеп беретініне уәде еткен. 

«Көліктерді қымбат бағаға бөтен адамдарға сатып жіберген. Алдымен оларды есептен шығарып, тұрғындарды көліксіз қалдырған. Алданған тұрғындар оның үстінен полицияға арыз түсірген. Жедел-іздестіру шаралары барысында Жаңақорған ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облстық полиция департаментінен. 

Ведмоство күдіктінің бұған дейін де қылмыстарға қатысы бар екені анықталғанын мәлімдеді. Қазір одан зардап шеккен өзге де азаматтар нақтылануда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.