{metadescription}
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет - Президент

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет - Президент

Қазақстан Президенті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейді.

Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңесте айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол паркінің жұмысын жандандыру және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шара қабылдауды тапсырды. 

– Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет. Оның алғышарттары бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді түрде қолдау керек, – деді Мемлекет басшысы. 

Ол сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет екенін жеткізді. 

– Қазақстан теміржолын ұлттық көлік-логистика компаниясы ретінде трансформациялайтын уақыт келді деп ойлаймын. Бұл ҚТЖ-ның мандаты мен міндеттерін кеңейтуге, компанияға еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Президент. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.