{metadescription}
Қызылорда облысында қатты желден үйлердің шатыры ұшты

Қызылорда облысында қатты желден үйлердің шатыры ұшты

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында қатты жел тұрғын үй шатырларын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 14.30 шамасында болды. 

Аудан орталығындағы көппәтерлі, «Қызылорда су торабы» мемлекеттік мекемесіне тиесілі тұрғын үйлердің шатырлары ұшқан. 

«Көппәтерлі үйдің шатыры және электр бағанасы сол аумақта орналасқан автотұрақтағы 2 автокөліктің үстіне түскен. Сондай-ақ, «Қызылорда су торабына» 211-бекет басында орналасқан тұрғын үй шатырының жартысы жерге құлаған», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Нұрбол Исанов.

Ведомство оқиға орнында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді. 

Жергілікті атқарушы органдар комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

«Оқиға орнына аудан әкімдігінен, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінен 35 адам 5 автокөлік жұмылдырылған. Оған аудандық төтенше жағдайлар және полиция бөлімдері, аудандық желілік техникалық учаскесі, аудандық электр тарату мекемесінен мамандар қатысты. Қатты желдің әсерінен болған жайттардан зардап шеккен адам жоқ»,- деп мәлім етті аудан әкімдігінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.