{metadescription}
Эпидемиолог халықты Құрбан айт мерекесінде топтасып жиналмауға шақырды

Эпидемиолог халықты Құрбан айт мерекесінде топтасып жиналмауға шақырды

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова брифинг барысында тұрғындарды Құрбан айт мерекесі кезінде санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

Департамент өкілінің айтуынша, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде.

«Маусым айында мамырмен салыстырғанда ауру деңгейі 6,3 есеге артты (94-тен 595 жағдайға дейін). Тәулігіне КВИ-дің 100-ден 200-ге дейін жағдайы тіркеледі. Ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бастап ДСМ эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала «сары аймақта» тұр. 2022 жылдың 6 айында қалада коронавирус 55 441 адамнан, шілдеде 773 тұрғыннан анықталды», - дейді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Спикердің сөзінше, мұндай жағдайда сақтық шараларын ұмытуға болмайды.

«Біз Құрбан Айт мерекесі кезінде құрбандық шалу рәсімдері өтетін жерлерде және мешіттерде барлық тұрғындарға маска тағуды ұсынамыз, әсіресе адамдар көп жиналатын жабық үй-жайларда. Әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу, адамдар көп жиналатын орындарға бармау маңызды», - деді ол.

Сондай-ақ, эпидемиолог малды автокөліктерден және жеке үй иеліктерінен сатуға тыйым салды.

«Мал союды ұйымдастыру және мал сату ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарда (ветеринариялық қызмет бекіткен тізбеге сәйкес сою пункттері, аудандардағы алаңдар) жүргізілуі тиіс. Мал сою тек ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жүргізілуі керек», - деді спикер.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.