{metadescription}
Ұлытау облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Ұлытау облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

«Қарағанды-Жезқазған» трассасында екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам көз жұмды. 

Қайғылы оқиға 6 шілде сағат 17.00 шамасында «Қарағанды-Жезқазған» тасжолында болған.

54 жастағы «Мерседес Бенц» автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласынан Жезқазған жаққа бағыт алып бара жатып Ақой ауылына 5 шақырым жетпей, жол жүру қауіпсіздігіне көз жеткізбей 48 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Шевроле Кобальт» автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері және «Мерседес Бенс» автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

«Шевроле Кобальт» автокөлігінің 44 жастағы жолаушысы (жүргізушінің әйелі) және олардың 18 және 7 жастағы балалары медициналық мекемеге жеткізілді.

«Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.