Tікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш мерт болды
Қытай астанасының маңында тікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты.
Фото: thenortheastaffairs.com
17:43 07.07.2022
Оқиға сәрсенбі, 6 шілдеде болған. Бұл туралы бейсенбі күні Солтүстік Қытай азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесінде айтылған.
Bell 505 тікұшағы Бейжің қаласының маңында ұшып бара жатып апатқа ұшыраған. Борттағы екі ұшқыш қаза тапқан. Ұшу құрылғысы айтарлықтай зақымдалған. Тікұшақ жерге құлағанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта арнайы құрылған топ тікұшақтың неден құлағанын анықтап жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!