Қарағанды маңында жол апатынан үш адам қайтыс болды
6 шілде күні кешке Қарағанды-Жезқазған тас жолында Ақой ауылынан бес шақырым жерде адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды.
19:21 07.07.2022
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Қарағандыдан келе жатқан Mercedes-Benz көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, 48 жастағы ер адам басқарған Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші де, олардың бірінің 54 жастағы әйелі де көз жұмды. Chevrolet Cobalt жүргізушісінің 44 жастағы әйелі мен олардың 18 және 7 жастағы балалары ауруханаға жатқызылды», - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, факті тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!