Британия премьері Борис Джонсон отставкаға кетеді
Борис Джонсон бүгін Консервативтік партия көшбасшысы қызметінен отставкаға кетуге келісті, алайда премьер-министр міндетін күзге дейін орындай береді.
Фото: Hannah Mckay/Reuters
20:17 07.07.2022
Партия көшбасшысы үшін бәсеке биыл жазда өтеді. Жаңа премьер-министр қазанда, партиялық конференция кезінде қызметіне кіріседі.
Премьер-министр кеңсесінің баспасөз хатшысы хабарлағандай, бүгін Борис Джонсон елге үндеу жасайды. Британия үкіметіндегі күрделі кризис бірнеше айдан бері созылып келеді және осы аптада шыңына жетті. Джонсонның үкіметі мен мүшелері қысым жасап, оны кетуге мәжбүр етті.
Соңғы күндері 50-ден астам министр, соның ішінде Джонсонның жақтастары да өз қызметтерінен кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!