{metadescription}
Маңғыстауда кеспе ішіне телефон тығып, түрмеге өткізбек болған адам ұсталды

Маңғыстауда кеспе ішіне телефон тығып, түрмеге өткізбек болған адам ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесінің қызметкерлері тез дайындалатын құрғақ кеспеден мобильді байланыс құралдарын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеспе ішіне жасырылған 2 «Samsung» және 1 «Nokia» маркалы телефондары сіріңке қораптарындай ғана болған. Олар целлофанға және фольгаға оралып, содан кейін «Роллтонға» салынған. Осылайша, сотталған адамға жеткізілмек болған. 

«Осы жылдың 7 айында ГМ-172/10 мекемесіне 7 рет рұқсат етілмеген заттарды өткізбедік. Тексеру қызметкерлері 9 телефон мен 2 есірткі затын тапты. Сот 5 әкімшілік материалды қарады. Төрт жағдайда құқық бұзушыларға әрқайсысы 10 АЕК айыппұл салынды. Бір адамға ескерту жасалды. 2 факті қылмыс ретінде анықталды», - деді Маңғыстау облысы ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Есболат Ағлепесұлы.

Ал, ұялы телефондарды өткізбек болған адамға 10 АЕК айыппұл салынады немесе әкімшілік қамауға алынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

12 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.