{metadescription}
Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында көз жұмды

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында көз жұмды

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды, деп хабарлайды ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті.

"Бекет бақылаушысы тергеу-қамауға алынған Ж. Халықұлын таңғы сағат 7-де тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қабылданған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы механикалық асфиксия нәтижесінде қайтыс болғанын анықтады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы келді. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер дерегі анықталған жоқ", - делінген хабарламада.

Қазір Облыстық департамент қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Айта кетсек, Халықұлы 23 мамырда ұсталды. Ол қылмыстық істі жабу үшін белгілі бір азаматтан алдап-арбау арқылы ақша мен мүлік иеленді деген күдікке ілінді. Бұрын Халықұлы Алматы және Ақмола облыстары ІІД-нің бастығы болған.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

12 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.