{metadescription}
АҚШ Сенаты Қазақстандағы жаңа елшіні бекітті

АҚШ Сенаты Қазақстандағы жаңа елшіні бекітті

АҚШ Сенатының шешімімен Дэниел Н. Розенблюм Америка Құрама Штаттарының ҚазақстандағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне бекітілді.

Бұл туралы Елшіліктің желідеге парақшасы хабарлайды.

Розенблюм 2021 жылғы қазаннан бастап АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін уақытша атқарған Джуди Куоның орнына келеді.

Дэниел Розенблюм 2019 жылғы 9 мамырда АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалған.

2014 жылдың шілдесінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Розенблюм Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік департамент бюросында мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары болып жұмыс істеген. Оның міндетіне АҚШ саясатын және Орталық Азияның бес мемлекетімен, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен дипломатиялық қатынастарды басқару кірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

12 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде