{metadescription}
Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

Шахматтан 18 жастағы қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Кеше Халықаралық шахмат федарациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі өтті. Шахматтан әлемнің 15- чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын тапсырды», - деді спортшы.

Айта кетсек, Бибісара Асаубаева блицтен әйелдер арасында ең жас Әлем чемпионы. Ол әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021). Сондай-ақ, ол Гиннес рекордтар кітабына енді. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

12 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде