{metadescription}
Мұқтаж жандарға бизнес ашуға 300-ге жуық грант бөлінеді

Мұқтаж жандарға бизнес ашуға 300-ге жуық грант бөлінеді

Шығыс Қазақстан облысында биыл мұқтаж жандарға жеке кәсіп ашуға 300-ге жуық грант бөлінеді.

Өңір бойынша биыл өз кәсібін ашқысы келетіндерге 745 млн теңге сомасына 608 грант беру жоспарлануда. Оның ішінде жастарға – 312, әлеуметтік тұрғыда осал санаттағыларға – 296 грант. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов мәлім етті.

«Осы жылдан бастап бизнес-жобаларды іске асыруға бөлінетін гранттарды жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтары ала алады. Екінші санатқа атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандықтан әлеуметтік жәрдемақы алатындар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедек адамдар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырғандар және қандастар жатады», - деді ол.

Бүгінде облыс бойынша 15 млн теңгеге 12 грант берілді. Грант алуға өтініш бергенге дейін үміткерлер жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеуі тиіс. Жиырма тоғыз жасқа толмаған жас кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

«25 шілдеде электронды еңбек биржасында онлайн форматта «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды. Қазір өз ісін жүргізудің қыр-сырын 682 адам оқып жатыр», - деді Досхан Қайырғазинов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.