{metadescription}
Газа мен Израиль бір-бірін зымыранмен атқылап жатыр

Газа мен Израиль бір-бірін зымыранмен атқылап жатыр

Палестиналық «Исламдық жиһад» содырлары Газа секторындағы әскери операциясын бастағаннан бері Израильге қарай 380-нен астам зымыран атқылаған.

Сенбі кешінде Тель-Авив пен елдің орталығына қарай 12 зымыран атылды, оның екеуі теңізге құлады. Жиһадшылар өздерінің шабуылдарын кек алу әрекеті деп атады. Израиль армиясы исламдық жиһадтың Газадағы болжамды нысандарына әуе шабуылдарын жалғастыруда. Бұл ретте ол Газадағы билеуші ХАМАС қозғалысымен ашық қақтығысқа түспей отыр.

«Біз лаңкестердің Газадан Израильге зымырандар мен дәлдікпен басқарылатын снарядтарды ұшыру жоспарын жүзеге асыруына жол бермедік және бұл жоспарын әлі де бұзатын боламыз. Біз «Исламдық жиһадтың зымырандарын жасап, ұшыру үшін пайдаланған ондаған нысандарға соққы бердік», - деді Израильдің қорғаныс министрі Бенни Ганц. Халқы тығыз орналасқан Газа секторында зымырынан бейбіт тұрғындар көз жұмуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуеден жасалған соққылардан 15 адам қаза тапты, оның ішінде 5 жасар қыз бала бар. 125 палестиналық азамат жарақат алды. Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, жиһадшылар елге атқылаған зымырандардың 95%-ына «Темір күмбез» әуе қорғаныс жүйесі төтеп бере алды. Израильдің әскери операциясы бір аптаға созылатыны күтілуде.

Еске салсақ, Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы исламшыл нысандарға әуеден соққы жасады. Таяу Шығыстағы жағдай ушыға түсті. Сонымен қатар БҰҰ-ның өкілі Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.