{metadescription}
БҚО-да кәсіпкерді өлтірген күдіктілерге іздеу жарияланды

БҚО-да кәсіпкерді өлтірген күдіктілерге іздеу жарияланды

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерді өлтірген күдіктілерге іздеу жарияланды.

Қанды оқиға кеше кешкісін Оралдағы П.Атоян стадионы маңында болып, бірнеше пышақ жарақатын алған ер адам қаза тапқан еді. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 1991 жылғы Руслан Қожантаев пен 2001 жылғы Тұрлан Амангелді іздестіріліп жатыр.

Екеуі кеше шамамен сағат 19.55-те Исатай-Махамбет көшесі 15-мекенжайы тұсында кісі өлтірген соң іздерін суытқан.

«Қазіргі кезде күдіктілерді іздестіруге БҚО департаментінің барлық күш-құралы жұмылдырылған. Олардың болуы мүмкін жерлері анықталуда. Аталған қылмыс департамент басшылығының айрықша бақылауында. Егер күдіктілердің қайда екені туралы ақпарат білетін адамдар болса, 102 немесе 8-711-2-98-45-30 телефонына қоңырау шалулары сұралады», - деп хабарлады ведомстводан.

Әлеуметтік желіде сондай-ақ оқиға болған жер түсіп қалған бейнежазба тарап кетті. Онда қашып келе жатқан екі адам (біреуінің екі қолы қан) анық көрінеді.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.