{metadescription}
Оралда кәсіпкердің өліміне байланысты жаңа деректер анықталды

Оралда кәсіпкердің өліміне байланысты жаңа деректер анықталды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімет еткеніндей, куәгерлер сөзіне қарағанда, кәсіпкерді өлтіруге төленбеген жалақы негізгі себеп болған.

Департамент мәліметі бойынша күдікті уәһабшылдық немесе басқа деструктивті діни ағым бағытын ұстанған, сондай-ақ радикалдық идеяны таратқан деген деректер істе жоқ.

«Қазіргі кезде күдіктілерді ұстауға облыстың барлық полицейлері жұмылдырылған. Облыстың барлық аумағында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар көршілес облыстар, соның ішінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына да деректер жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.