{metadescription}
Оралдық кәсіпкердің өліміне күдіктілер ұсталды

Оралдық кәсіпкердің өліміне күдіктілер ұсталды

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды.

ІІМ өкілдері іс министр Марат Ахметжановтың бақылауында екенін айтты. 

"Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында", - деді ІІМ өкілдері.

БҚО ПД мәліметінше, кісі өлтіруге тараптар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.

"Куәгерлердің айтуынша, кісі өлтіруге басты себеп - жалақының төленбеуіне байланысты туған тұрмыстық жанжал", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде