{metadescription}
Алматыда кардиохирургтар 4 айлық сәбидің жүрегіне күрделі ота жасады

Алматыда кардиохирургтар 4 айлық сәбидің жүрегіне күрделі ота жасады

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына 4 айлық нәресте түсті.

Кардиохирургияны тексеру кезінде сирек кездесетін – үш жүрекшелі жүрек туа біткен жүрек ақауы анықталды.

Ота жасаған дәрігер Қайрат Қуатбековтың айтуынша, үш жүрекшелі жүрек жүрекше қуысында оны екі бөлікке бөлетін фиброзды-бұлшықетті мембрананың болуымен сипатталады.

«Біздің жағдайда үш жүрекшелі жүрек оң жақ өкпе көктамырларының 90% аномалды дренажымен үйлесіп тұрды. Бала шұғыл хирургиялық араласуды қажет етті. Біз оған жоғары технологиялық операция жасадық, ол 2 сағатқа созылды. Операция кезінде өкпе жүрекшесінен мембрананы кесіп тастадық. Операция сәтті өтті. Бала шығаруға дайындалып жатыр», - дейді кардиохирург.

Естеріңізге салайық, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жүректі трансплантациялаудан басқа операцияның барлық түрі жасалады. Мұнда тәжірибелі мамандар күрделі туа біткен жүрек ақауларына көп сатылы кардиохирургиялық араласуларды жасайды, магистралды тамырлардың транспозициясы, қарыншалық перде ақауымен қолқа доғасының үзілуін бір сатылы түбегейлі түзету, Фонтен операциясы, Росс, Росс-Кон операциясы, Жатане операциясы, анастомозбен қолқаны кесу (резекция).

Жыл басынан бері кардиологтармен 100-ден астам операция жасалды, оның 53-і МӘМС аясында бір жасқа дейінгі балаларға жасалды. Естеріңізге салайық, 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет есебінен сақтандырылған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде